ҚҰПИЯЛЫЛЫҚ САЯСАТЫ
Жалпы шарттар

Осы Саясат Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің және оның аффилирленген тұлғаларының (бұдан әрі – Серіктестік) Пайдаланушы Серіктестік ұсынатын сайтты, сервистерді, қызметтерді, бағдарламаларды (бұдан әрі – Сайт, Сервистер) пайдалану кезінде алынуы мүмкін жеке тұлғалар (бұдан әрі – Пайдаланушылар) туралы ақпаратты өңдеу және қорғау тәртібін айқындайды.
Осы Саясаттың мақсаты Пайдаланушылар туралы ақпаратты, соның ішінде олардың дербес деректерін рұқсатсыз қол жеткізуден және жария етуден тиісті түрде қорғауды қамтамасыз ету болып табылады.
Пайдаланушы ұсынатын ақпаратты жинауға, сақтауға, таратуға және қорғауға байланысты қатынастар осы Саясатпен, Серіктестіктің өзге де ресми құжаттарымен және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.
Сайтта тіркелу және Сайт пен Сервистерді пайдалану арқылы Пайдаланушы осы Саясаттың шарттарымен толық келісетінін білдіреді. Пайдаланушы осы Саясаттың шарттарымен келіспеген жағдайда, Сайтты және/немесе Сайтты пайдалану кезінде қолжетімді кез келген Сервистерді пайдалану дереу тоқтатылуы тиіс.

Сайт пайдаланушылары ұсынатын ақпаратты жинау, өңдеу және сақтау мақсаттары

Пайдаланушының дербес деректерін өңдеу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. Серіктестік Пайдаланушының дербес деректерін келесі мақсаттарда өңдейді:
  • Серіктестікпен жасалған келісімдер мен шарттар шеңберінде тарапты сәйкестендіру;
  • Пайдаланушыға қызметтер ұсыну, соның ішінде Пайдаланушының мақсатты жарнама, email-таратылымдар алуы мақсатында;
  • Сайттың сервистері мен бөлімдерін қолдауға және жақсартуға, сондай-ақ жаңа сервистер мен бөлімдерді әзірлеуге мүмкіндік беретін деректерді тексеру, зерттеу және талдау;
  • Иесіздендірілген деректер негізінде статистикалық және өзге де зерттеулер жүргізу.

Пайдаланушы ұсынған дербес ақпаратты өңдеу және оны үшінші тұлғаларға беру шарттары

Серіктестік Пайдаланушының дербес деректерін заңсыз қол жеткізуден, өзгертуден, жария етуден немесе жоюдан қорғау үшін барлық қажетті шараларды қабылдайды.
Серіктестік Пайдаланушының дербес деректеріне қол жеткізуді Сайттың, Сервистердің жұмыс істеуін қамтамасыз ету және Пайдаланушыға Қызметтер көрсету үшін осы ақпарат қажет болатын жұмыскерлерге, мердігерлерге және аффилирленген тұлғаларға ғана береді.
Серіктестік Пайдаланушы ұсынған ақпаратты, соның ішінде дербес деректерді Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы талаптарының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында (соның ішінде Пайдаланушылардың заңсыз және/немесе құқыққа қайшы әрекеттерінің алдын алу және/немесе жолын кесу мақсатында) пайдалануға құқылы. Пайдаланушы ұсынған ақпаратты жария ету тек Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес соттың, құқық қорғау органдарының талабы бойынша, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де жағдайларда жүзеге асырылуы мүмкін.

Сайтты, Сервистерді пайдалану шарттары

Пайдаланушы Сайтты пайдалану кезінде мыналарды растайды:
  • Тіркеуді (есептік жазбаны жасауды) жүзеге асыруға және Сайт қызметтерін пайдалануға мүмкіндік беретін барлық қажетті құқықтарға ие екенін;
  • Сайт қызметтерін пайдалану үшін қажетті көлемде өзі туралы шынайы ақпаратты көрсететінін;
  • Сайтта Пайдаланушының өзі туралы орналастырған ақпараты осы Саясатта көрсетілмеген үшінші тұлғаларға қолжетімді болуы мүмкін екенін және олардың көшіріп алуы мен таратуы мүмкін екенін түсінетінін;
  • Осы Саясатпен танысқанын, онымен келісетінін және онда көрсетілген құқықтар мен міндеттемелерді өзіне алатынын.
Осы Саясаттың шарттарымен танысу және осы Саясатқа сілтеменің астына белгі (галочка) қою Пайдаланушының өзі ұсынатын дербес деректерді жинауға, сақтауға, өңдеуге және үшінші тұлғаларға беруге берген жазбаша келісімі болып табылады.

«Пайдаланушының дербес ақпараты» түсінігі

Осы Саясат шеңберінде «Пайдаланушының дербес ақпараты» деп мыналар түсініледі:
  1. Пайдаланушы Сайтты, Сервистерді пайдалану кезінде өз бетінше ұсынған деректер, соның ішінде: аты-жөні, жынысы, ұялы телефон нөмірі және/немесе электрондық пошта мекенжайы, отбасылық жағдайы, туған күні, туған қаласы, туыстық байланыстары, үйінің мекенжайы, білімі туралы ақпарат, қызмет түрі.
  2. Пайдаланушының құрылғысына орнатылған бағдарламалық қамтамасыз етудің көмегімен сервистерді пайдалану процесінде автоматты түрде берілетін деректер, соның ішінде IP-мекенжай, cookie-ден алынған ақпарат, пайдаланушының браузері туралы ақпарат, қол жеткізу уақыты, сұратылатын беттің мекенжайы.

Дербес деректерді өзгерту және жою

Пайдаланушы кез келген уақытта өзі ұсынған дербес ақпаратты немесе оның бір бөлігін, сондай-ақ оның құпиялылық параметрлерін тиісті Сервистің жеке бөліміндегі дербес деректерді редакциялау функциясын пайдалана отырып өзгерте (жаңарта, толықтыра) алады. Сондай-ақ, Пайдаланушы өзінің есептік жазбасын жоя алады, бұл кейбір сервистерді пайдаланудың мүмкін болмауына әкеп соғуы мүмкін.

Құпиялылық саясатын өзгерту. Қолданылатын заңнама

Серіктестік осы Құпиялылық саясатына өзгерістер енгізуге құқылы. Өзгерістер енгізілген кезде өзекті редакцияда соңғы жаңартылған күні көрсетіледі. Саясаттың жаңа редакциясы, егер онда өзгеше көзделмесе, орналастырылған сәттен бастап өз күшіне енеді. Осы Саясатқа және Пайдаланушы мен Серіктестік арасындағы қатынастарға Қазақстан Республикасының құқығы қолданылады.

Кері байланыс. Сұрақтар мен ұсыныстар

Осы Саясатқа қатысты барлық ұсыныстарды немесе сұрақтарды Серіктестіктің қолдау қызметіне мына email бойынша хабарлау қажет: info@sensata.kz